30 қыркүйек 2021 | 17:47

Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Заманауи үлгіде жабдықталған, білікті дәрігерлерден тұратын медициналық орталықтар, Тараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтар облыста алғаш рет ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Заманауи үлгіде жабдықталған, білікті дәрігерлерден тұратын медициналық орталықтар, Тараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтар облыста алғаш рет ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұндай игі бастаманың басты мақсаты - инновавиялық озық технологияларды пайдалана отырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін аттыру, олардың халық денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру және науқастарға сапалы әрі шұғыл қызмет көрсетуге бағытталған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб, Медициналық Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Меркі ауылындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі үздік практикалық орталығының ашылуына қатысты.

Реклама
Реклама

"Барлығымыздың басты міндетіміз – халықтың денсаулық, өмір сүру сапасын арттыру.

Мемлекет басшысының қазақстандықтардың орташа өмір сүру мерзімін 75 жасқа жеткізу бойынша тапсырмасына сәйкестүрлі шаралар қабылданып жатыр. Денсаулық сақтау нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайып, дәрігерлердің айлық жалақылары да еселеп көтеріліп жатыр. Бала туу көрсеткіші мен халық санының өскендігі қуантады. Пандемия кезінде бұл жаман көрсеткіш емес. Мұның барлығы да мемлекет тарапынан қолға алынған жүйелі жұмыстар мен мамандардың өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруының жемісі", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі былтыр өңірде 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 8 нысан ашылатынын жеткізді. Таразда облыстық онкологиялық диспансер іске қосылады. Өңірдің бес бірдей ауданы КТ аппратымен қамтылған. Сол секілді, Меркі ауданында да КТ және магнитті-резонанстық томография бар.

"Біз барлық аудандарды КТ аппараттарымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Маман тапшылығын шешу жолында "Дипломмен – ауылға!" бағдармасының мүмкіндіктерін барынша пайдаланып жатырмыз. Тараз қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды", - деді аймақ басшысы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығын ашу жолында көп жұмыс атқарылғанын айтты.

"Денсаулық сақтау – ең бір назар аударатын сала. Мен Қазақстанда бұл салаға барынша көңіл бөлініп келе жатқанына көзім жетті. Жаңа диагностикалық орталықтар, заманауи емдеу мекемелері салынып, олардың соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталуы сөзіме дәлел. Оның бір айғағы ретінде, небәрі 9 ай ішінде, өте қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаның жүзеге асуы. Мен бұл жерде төрт факторды атап көрсеткім келеді. Біріншісі, мемлекеттің қолдауы. Ел деңгейінде қолға алынбаса, мұндай тірлікті соңына жеткізу мүмкін емес. Бұл жерде осы жобаның тиімділігін дәлелдеп, іске бар ықыласымен кіріскен облыс басшығына дән ризамын. Екінші фактор - көшбасшылық болса, үшіншісі әріптестік. Сонымен қатар қызметкерлердің бірлігі мен біліктілігі маңызды рөл атқарады. Міне, осының бәрі ортақ мүддеге ойысып, керемет іс атқарылды. Заман талабына сай жаңа нысанда мобильді бригада қызметке кірісті. Ең бастысы мұның барлығы да халықтың болашағына бағытталып отырғанын түсінуіміз керек", - деді Мелитта Якаб.

Аудандық орталық аурухана базасында ашылған бұл орталықта барлығы арнайы дайындықтан өткен 10 білікті маман қызмет көрсетеді. Олардың төртеуі дәрігер, алтауы орта буын медициналық қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная