06 мамыр 2021 | 17:53

Жамбылдық шекарашы көліктен 60 келі героин тауып, орден алды

ҰҚК Шекара қызметінде жұмыс істейтін кіші сержант Мақсат Дәуітаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Шекара қызметінде жұмыс істейтін кіші сержант Мақсат Дәуітаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша Қордай ҰҚК Жол-патрульдік қызметі басқармасы инспекциялық-тексеру кешенінің аға технигі келісімшарт бойынша қызмет етеді.

2017 жылғы ақпанда Даутаев көлікпен ірі көлемдегі есірткі құралдарын (героин) тасымалдаудың 3 дерегін анықтаған.

Реклама
Реклама

2020 жылғы желтоқсада да Мақсат Қазақстан азаматтарының Қырғызстаннан героиннің аса ірі партиясын тасмалдау әрекетін әшкерелеген. Олар есіріткіні көліктің бензин құятын бөлігіне жасырған. Ол көрсеткен жерден кинолог пен қызметтік ит 60 килограмнан аса героин тапқан.

Кіші сержант Мақсат Дәуітаев Президенттің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 561 Жарлығымен ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Марапаттау салтанатты түрде өткен. Награданы ҰҚК төрағасы Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Кәрім Мәсімовтың өзі Мақсат Дәуітаевқа табыстаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная