ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2021 | 19:03
Жан Маким музыка туралы: "Бастысы тыңдарманның сенен рахат алуы"
Вокалшы, бірнеше аспапта ойнайтын Жан Маким және оның ата-анасы Әли мен Мария Макимовтер Aina-LINE арнайы жобасында балаларының музыкаға деген алғашқы қадамы, қолдау және мотивация туралы әңгімеледі. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Вокалшы, бірнеше аспапта ойнайтын Жан Маким және оның ата-анасы Әли мен Мария Макимовтер Aina-LINE арнайы жобасында балаларының музыкаға деген алғашқы қадамы, қолдау және мотивация туралы әңгімеледі. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Aina-LINE арнайы жобасы Alash Media Group Damin Group-пен бірлесіп I-BALAQAI жобасы аясында қолға алынды.
11 жастағы Жан Маким музыкамен 7 жасынан бастап айналыса бастады. Бүгінде Жан - вокалшы, көп аспапта ойнайды: укулеле, фортепианода ойнап, музыка мен оған аранжировка жазады. Жан "Голос. Дети-6" байқауының қатысушысы, "Орталық Азия таланттарды іздейді" байқауының жартылай финалисі, "Балалар Евровидениесінің" финалисі.
"Музыкант боламын деген шешімді өзім қабылдадым", - дейді ол.
Оның анасы Мария Жанды 3,5 жасында спорттық секцияға бергенін айтады.
"Бірақ одан хоккейші шықпады. Тіпті жаттықтырушысы да ол спортпен құлшыныссыз айналысып жүргенін айтты. Оған қызық болмады. Сосын оны жүзуге жібердік, онымен де айналысқысы келмеді. Футболға да жіберіп көрдік.
Вокал туралы әңгіме де болған жоқ, музыка туралы да, қандай да бір музыкалық инструмент жайлы да. Ол халық алдына шыққысы келді, Майкл Джексонның концерттерін көріп отыратын. Балалар қатысатын бағарламаларды көріп: "Мен осы адам секілді болғым келеді" деді. Ол елдің назарында болғанды ұнатты", - дейді анасы.
Бірде мерекелердің бірінде балалар музыкалық құттықтау жазған. Сол кезде Жанның музыкаға деген қабілеті барын ұстазы байқаған. Ол Жанның ата-анасына оның шығармашылықпен айналысқаны дұрыс екенін айтқан.
"Біз байқап көрсін деп ойладық. Бұл жалпы дамуына пайдалы ғой. Педагог іздеп, сонымен айналыса бастады", - деді Мария.
Жанның әкесі Әли вокалға қатысу туралы ойды қолдаған. Оның айтуынша, кез келген адам өмірдегі өз орнын неғұрлым ертерек тапса, қай жағынан дарынды екенін түсінсе, соғұрлым жақсы.
"Оған адамдармен дос болған ұнайтын. Үнемі Майкл Джексонның концерттерін қарап отыратын. Стадионда адам толы болады. Мен одан: "Ол саған не үшін қажет? Жай түсіндірші, неліктен бұл саған ұнайды?" деп сұрадым. Ол маған: "Мен ол адамдардың барлығы менің досым болғанын, бәрімен достасқанды қалаймын" деді. Ол көпшіл бала", - дейді Әли.
Жас талант шамамен 25 байқауға қатысқан, оның әрқайсында жүлделі орын иеленген. Марияның айтуынша, "Голос. Дети-6" байқауы Жанның мақсаты болған.
"Вокалмен енді айналыса бастаған кездегі мақсаты болатын. Ол: "Мен сол сахнада өнер көрсеткім келеді, жетекшілермен танысқым келеді" дейтін. Соған қол жеткізгісі келді, педагогпен дайындалды. Біз оған түсіністік танытып, тек мақсат қоймай, соған жету үшін еңбектену керегін айттық. Егер бір нәрсеге қол жеткізгің келсе, ең алдымен тырысу керек, еңбектену керек. Біз бір нәрсені аңдумен жүрмейміз, кез келген жағдайда жеңіске жету керек деген ой болмайды", - дейді Мария.
Жалпы білім беретін мектепте оқумен қатар, Жан музыкалық мектепте, фортепианода сыныбында оқиды, укулеле сабақтарына қатысып, аранжировка жазады және видеоны монтаждаумен айналысады. Ол әртүрлі тілде ән айтып, каверлер жазып, оны Instagram желісіндегі парақшасына жүктейді.
"Соңғы кездері қатты уайымдамаймын. Бірақ уайымдай бастаған кезімде үнемі өзіме: "Жан, бастысы жақсылап өнеріңді көрсет, көрермен, өзің рахат ал, әннен, сахнадан және сол жердегі барлық нәрседен рахат ал" деймін", - дейді жас талант.
Әли Макимовтің сөзінше, баласы қарапайым екенін айттады, ол да фильм көріп, TikTok-та отырып, ойнап, қыдырады. Демалыс күндері әжесінің үйінде болады.
"Энергиясы көп. Өзіміз де кейде: "Жан, мынаны қояйық. Шынымен шаршап кетеміз" деп айтамыз. Себебі ата-аналардан да көп энергия мен уақыт та қажет. Мен оған кейде: "Жан, мен шаршап кеттім. Бармай-ақ қояйықшы" деп айтамын. 2019 жылы 6 ай бойы конкурстар мен фестивальдерде жүрдік", - дейді Мария.
Жан "4" пен "5-ке" оқиды, одан бөлек, оның ата-анасы баланың баға үшін оқуы дұрыс емес екенін айтады.
"Біз оған үнемі бастысы білім алу екенін айтамыз. Негізгі мақсат сол. Кейде ата-аналар бағаға қатты мән беріп кетеді", - дейді Мария.
Жан сыныптастары мен достары тек қолдайтынын айтады.
"Мен жаңа мектепке көштім және мен үшін бәрі қуанып, қолдауларын білдіреді. "Балалар Евровидениесінде" дауыс беру кезінде бәрі: "Үй ішімізбен саған дауыс бердік" деді. Бәріне күн сайын алғысымды білдіремін. Олар мені мақтан тұтады, мен олармен доспын", - дейді Жан Маким.
Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көре аласыздар.
Aina-LINE жобасы "Інжу" мейрамханасына түсірілім жасау үшін локация ұсынғанына алғыс білдіреді.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады.
Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloud, Anchor.FM, "Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также