18 мамыр 2022 16:52

Жаңа АЕК: Қазақстанда айыппұл мен салық мөлшері өзгеріссіз қалады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда айыппұл санкциялары мен салықтарды есептеу үшін жаңартылған АЕК мөлшері қолданылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда айыппұл санкциялары мен салықтарды есептеу үшін жаңартылған АЕК мөлшері қолданылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері сәуірде үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп 2022 жылға арналған есептік көрсеткіштерді нақтылау туралы шешім қабылдағанын еске салды. 

"1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті, барлық әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 пайызға артты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2022 жылы зейнетақы төлемдері өткен жылға қарағанда 11 пайызға, базалық зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы 9 пайызға өсті.

"Айыппұл санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген 3 063 теңге мөлшерінде АЕК қолданылады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram