Жаңа әкім - жаңа команда: депутат мұндай тәжірибені тоқтатуды талап етті

Айнұр Қапышова Корреспондент
Жаңа әкім - жаңа команда: депутат мұндай тәжірибені тоқтатуды талап етті Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстандағы мемлекеттік қызметте жаңа басшы келгенде бүкіл команда ауысатын жағдай жиі болады. Депутат Бақытжан Базарбек Мәжілістің пленарлық отырысында мұндай тәжірибені тоқтату керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ

Депутат мұндай ауысуды "командалық сөз байласу" деп атап, қызметкерлер басшы кеткеннен кейін өз орындарында қалуы керек деп есептейтінін жеткізді.

Реклама
Реклама

"Командалық жұмыс, командалық сөз байласу туралы. Біз осы мәселені 10 жылдан бері айтып келеміз. Бізде әкім ауысқанда, бүкіл команда ауысады. Осы командалық ауысуды тоқтатуға тиіспіз. Егер жаңа министр, жаңа әкім тағайындалса, ескі команда өз орнында қалуы керек", - деді Базарбек мемлекеттік қызмет туралы заңды талқылау кезінде.

Сонымен қатар, Бақытжан Базарбек мемлекеттік қызметкерлер үшін жұманы "шығармашылық күні" қылуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама