24 тамыз 2021 | 12:00

Жаңа Chevrolet Tracker кроссоверлерінің алғашқы партиясы конвейерден шықты

Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында жаңа Chevrolet Tracker кроссоверлерінің алғашқы партиясы шығарылды. Көптен күткен кроссовер Қазақстан тұтынушылары үшін стильді дизайн, қауіпсіздік, жайлылық, биіктік, тиімділік және үнемділік сияқты ең сұранысқа ие қасиеттерді біріктіреді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында жаңа Chevrolet Tracker кроссоверлерінің алғашқы партиясы шығарылды. Көптен күткен кроссовер Қазақстан тұтынушылары үшін стильді дизайн, қауіпсіздік, жайлылық, биіктік, тиімділік және үнемділік сияқты ең сұранысқа ие қасиеттерді біріктіреді.

Реклама
Реклама

Жаңа Chevrolet Tracker-де заманауи дизайн спорттық иірімдерімен, өнімділік пен басқа да ерекше сипатпен үйлеседі. Кроссовердің негізгі артықшылықтарының бірі – технологиялық жабдықталуында, ода: түрлі-түсті аспаптар панелінің экраны, 8 дюймдік Chevrolet MyLink сенсорлы дисплейі, алты динамигі бар аудиожүйе, мультифункционалды рөл дөңгелегі, кондиционер, кілтсіз кіру және қозғалтқышты іске қосу, панорамалық люк, электр реттеу және артқы көрініс айналарын жылыту, алдыңғы және артқы терезелерді электржылжытқыш бар.

Автомобильде ECOTEC турбоүрлемі бар заманауи үш цилиндрлі қозғалтқыш болады, ол аралас циклде 100 шақырымға 5.5 литр отын тұтынып, 125 ат күші қуатын береді.

Кроссовердегі қауіпсіздікті алдыңғы, бүйірлік және перде түріндегі қауіпсіздік жастығы қамтамасыз етеді. Автомобильде артқы көрініс камерасы, шиналардағы қысымды мониторингілеу жүйесі, тұрақтандыру жүйесі (немесе ESP бағамдық тұрақтылығы), бұғаттауға қарсы жүйе (ABS), тауға шығу кезіндегі көмек жүйесі (HAS), артқы парктрониктер, сондай-ақ, ISOFIX балалар креслоларына арналған бекіткіштер бар.

Жаңа Chevrolet Tracker қазақстандық тұтынушыларға LT және LT Redline нұсқасында ұсынылады. Кроссоверлерге деген сұраныс артып келеді, Chevrolet Tracker де жабдықталуының жоғары деңгейі мен Қазақстандағы қолжетімді бағасының арқасында табысты болмақ. Сатылым жақын арада жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная