Жаңа iPhone-ды 200 мың теңгеден ұсынған астаналық ұсталды

Жаңа iPhone-ды 200 мың теңгеден ұсынған астаналық ұсталды Иллюстративное фото: pexels.com

Құқық қорғау органдары iPhone телефонын 200 мың теңгеден сатамын деп алдаған елорданың 23 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жас жігіт әлеуметтік желіде фейк аккаунт ашып, бренд телефондарды төмен бағада сатамын деп ұсынған. Мысалы iPhone соңғы үлгісін 200 000 теңгеге ұсынған. Оның негізгі бағасы әлдеқайда жоғары. Екі адам алаяққа алданып қалған. Олар телефонның ақысын және үйге жеткізуі үшін ақшаны электрон әмиянға аударған", - деп мәлімдеді полициядағылар.

23 жастағы күдікті жігіттің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Реклама
Реклама

Полицияның деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 620 интернет-алаяқтық тіркелген. Олардың 80 пайызы онлайн-сатылымға қатысты екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама