ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2022 | 14:59
Жаңа ипотекалық бағдарлама: 2023 жылға қаржыландыру қарастырылмаған
2023 жылы екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын қаржыландыру қарастырылмаған. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі ұсынған жаңа бағдарламаның іске қосылу мерзімі туралы сұрады.
"Субсидиялау қарастырылған. Қазіргі уақытта қаражат шектеулі болғандықтан, келесі жылға өтінім бердік. Бұл өтінім Қаржы министрлігінен қолдау таппады. Ол қаржыға байланысты", - деді Еркебұлан Дауылбаев Сенатта журналистер сұрағына жауап беріп.
Бағдарлама аясында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктен ипотека алған жағдайда жылдық мөлшерлеменің 7 пайызын мемлекет өтейді деп жоспарланған.
"Біз банктерді тарту, ипотеканың тартымдылығын арттыру үшін осындай механизм ұсындық. Бірақ бұл механизмді келесі жылға қаржыландыру қарастырылмаған. Егер қаражат табылса, бұл бағдарлама "7-20-25"-пен тең болады", - деді вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также