Жаңа жекпе-жек: Конор Макгрегор арбада отырып жұдырықтасады

Конор Макгрегор. © Reuters

Аралас жекпе-жектен ирландиялық файтер Конор Макгрегор мүгедектер арбасында отырып, бокс жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SPORTbible басылымына сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жектен ирландиялық файтер Конор Макгрегор мүгедектер арбасында отырып, бокс жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SPORTbible басылымына сілтеме жасап.

Дастин Порьерге қарсы жекпе-жектің бірінші раундында аяғы сынғаннан кейін қалпына келген бұрынғы UFC чемпионы ирландиялық пародист Аль Форанға қарсы жұдырықтасады. Шара Ирландияның арбадағы бокс қауымдастығына ақша жинау үшін қайырымдылық шарасы аясында өтеді екен.

Реклама
Реклама

Турнирді комик, мүгедектігі бар Стиво Тимоти ұйымдастырып жатыр, ол кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Бокс кеші 11 қыркүйекте Ирландияда өтеді.

Тимоти Twitter-парақшасында бұл жұп рингке шығатынын растады.

Макгрегордың жаттықтырушысы Джон Кавана да репортер Лаура Санкомен кездесуінде алдағы жекпе-жек туралы айтты.

"Конор пародист Аль Форан есімді жігітпен бірге бокстан кештің екінші басты кездесуіне қатысуға ниет білдірді", - деді ол.

Еске салайық, аралас стильдегі файтерлер (MMA) Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 11 шілдеде Лос-Анджелесте өткен. Жекпе-жек бір раундқа созылды. Алғашқы бес минуттың соңында Макгрегор аяғын сындырып алды. Осыдан кейін Макгрегор аяғын Порьемен жекпе-жекке дейін жарақаттағанын мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама