Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.ё

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.ё

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығысында, 27–29 желтоқсан аралығында батыс өңірлерде, 29 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтіледі. Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

"27 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста, 28 желтоқсанда елдің батысында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түседі, – деп мәлімдеді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде 10–18 градус аяз, күндіз 0–8 градус аяз;
  • Шығыста түнде 15–20 градус аяз, күндіз 5–10 градус аяз;
  • Оңтүстік өңірлерде түнде 0–5 градус жылы, таулы аймақтарда 5–10 градус аяз, күндіз 5–15 градус жылы, таулы аудандарда 4 градус аяздан 1 градус жылуға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама