Жаңа жылда отшашу жағып, айыппұл арқаламас үшін нені ескеру керек?

Дина Шарипханова Корреспондент
Жаңа жылда отшашу жағып, айыппұл арқаламас үшін нені ескеру керек?

Алматыда Жаңа жыл қарсаңында өрт оқиғалары жиілейді. Қалалық ТЖД мәліметінше, бұл кезеңде орта есеппен 13 өрт тіркеледі, оның шамамен 15 пайызы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбаудан туындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.

Отшашу мен бенгал шамдары мерекелік көңіл-күй сыйлағанымен, қауіпсіздік талаптары сақталмаса, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Былтыр отшашудан 19 адам жарақат алып, оның 11-і балалар болған. Мамандар пиротехниканы тек арнайы дүкеннен сатып алып, жарамдылық мерзімі мен қаптамасының бүтіндігін тексеруге кеңес береді.

Отшашуды ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта, адамдардан 15–20 метр алыс жерде жағу керек. Жабық ғимаратта, қатты жел кезінде пайдалануға болмайды. Егер отшашу жанбай қалса, оған кемінде 10 минут жақындамау қажет.

Реклама
Реклама

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында қалада түсіндіру жұмыстары, рейдтер жүргізіліп, 500 келіден астам заңсыз пиротехникалық бұйым тәркіленген. Рұқсатсыз сату немесе қолдану үшін 80–100 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Мамандар ата-аналарды отшашуды балалардың қолына бермеуге шақырады.

"Егер 16 жастан кіші балалар отшашу атса, олардың әке-шешесіне 80 мыңға жуық айыппұл салынады. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, айыппұл 40 мыңға көбейеді. Яғни 120 мың төлеуге міндеттеледі. Сол себепті отшашуды балалардың қолына бермей, қауіпсіз жерде ұстау қажет. Жыл сайын елде пиротехникадан жарақат алу, өрт шығу жағдайлары қайталанады. Олқылықтарды айыппұл салу арқылы азайта аламыз", – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама