03 желтоқсан 2015 17:59

Жаңа жылды алматылықтар қарсыз қарсы алады

© See2me.ru

Болжам бойынша, Алматыда Жаңа жыл түні жауын-шашын күтілмейді, күн ашық, ауа температурасы 10-15 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы болады. Айта кетейік, бұған дейін кейбір сайттарда Жаңа жылда температура 6-12 градус жылы болатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. "Қазгидромет" өз кезегінде Алматыда желтоқсан айында ауа температурасының 3 градус аяз, жауын-шашын мөлшері 40 миллиметр болатынын хабарлады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram