03 шілде 2024 12:55

Жөндеу, жаңа жиһаз және кабинет: Аршалы ауданында жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден бастап білім берудің жаңа сапасына дейін! Жөндеуге, жаңа жиһазға және жабдыққа инвестиция салу оқушыларға оқуға қолайлы ортаны қамтамасыз ете отырып, білім беру артықшылықтарын береді.


Мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден бастап білім берудің жаңа сапасына дейін! Жөндеуге, жаңа жиһазға және жабдыққа инвестиция салу оқушыларға оқуға қолайлы ортаны қамтамасыз ете отырып, білім беру артықшылықтарын береді.

Осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығын ескеріп, Аршалы ауданында 2024 жылы "Сапалы білім беру үшін жағдай жасау" бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған болатын, оның шеңберінде ауданның 6 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында терезелерді ауыстыру, қасбеттер мен жылыту жүйесін жөндеу, шатырды ауыстыру, аумақты жалпы 808,5 млн. теңгеге абаттандыру жүргізілді. Ағымдағы жөндеулермен ауданның 4 мектебі және жалпы сомасы 81,5 млн. теңгеге 3 балабақша қамтылды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3,5 млн. теңге сомасына Аршалы кентінің бастауыш мектебін газбен жылытуға қосу жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады, оның қорытындысы бойынша Ақтасты негізгі мектебі мен ауданның бірқатар балабақшаларын жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеге газбен жылытуға қосу жоспарлануда.

Бүгінде Аршалы ауданындағы 29 жалпы білім беретін мектептің 23 - жаңа модификациядағы кабинеттер бар Сапалы білім алуға одан әрі қолжеткізу мақсатында 9 жаңа модификация кабинетін (СТЕМ-2, Биология-4, Физика-2, Химия) сатып алуға 572 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 16 млн. теңге сомасына екі жаңа модификация кабинеті (Биология және СТЕМ) жеткізілді және мектептерде орнатылды. Аудан мектептері үшін 24,6 млн. теңге сомасына компьютерлер мен интерактивті панельдер сатып алынды.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында үлкен жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта аудан мектептері үшін жылыту қазандықтары мен қазандық жабдықтары сатып алынды.

Аршалы ауданының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 476.83   490.7   5.42 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети