03 қазан 2018 | 13:29

Жаңа қаржы министрі қандай мәселелерді шешуге ниетті?

Әлихан Смайылов. © Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі болып тағайындалған Әлихан Смайылов ең өзекті мәселелер деп автоматтандыру арқылы ведомство жұмысын күшейту мен жемқорлықты азайту екенін айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі болып тағайындалған Әлихан Смайылов ең өзекті мәселелер деп автоматтандыру арқылы ведомство жұмысын күшейту мен жемқорлықты азайту екенін айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұмыс көп, бірақ ең маңызды мәселе - министрлік ішінде автоматтандыру арқылы жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру, ол бүкіл бөлімше қызметкерінің жұмысының тиімділігін арттырып, жемқорлықты азайтуға көмектеседі", - деді министр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, шенеунік басшылардың қоластындағы жемқор қызметкерлеріне қатысты жауапкершілігіне пікірін білдірді. Оның айтуынша, әр адам жасаған ереже бұзушылығы үшін өзі жауапты.

"Қоластындағы қызметкер жемқорлық дауына араласпауы үшін барлығын жасау керек. Бірінші кезекте, кадр таңдау мәселесінде әрбір адамға жеке назар аудару қажет. Ол кәсіпқой болып қана қоймай, халқына еңбек ететін адал адам болуы тиіс. Әрбір адам өз әрекеті үшін өзі жауап береді", - деді Смайылов.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Әлихан Смайыловтың қаржы министрі болып тағайындалған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная