ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2022 | 16:31
"Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы құрылды
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында "Жаңа Қазақстан" атты депутаттық топты құруды ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында "Жаңа Қазақстан" атты депутаттық топты құруды ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңбыршин 11 қаңтарда Президент Парламент Мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз мәселелерді белгілеп, нақты міндеттерді қойғанын атап өтті.
"Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және "Жаңа Қазақстанды" құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен, Парламент қызметінде орын алып, Мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт", - деді Жаңбыршин Мәжіліс отырысында.
Депутаттың айтуынша, "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешуге қызмет етеді.
"Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан ары тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. "Жаңа Қазақстан" депутаттық топтың қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз", - деді Жаңбыршин Мәжіліс отырысында.
Еділ Жаңбыршин таныстырған депутаттық сауал 31 депутаттың атынан жіберілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также