Жаңа Қазақстанда полиция бассыздығына орын болмауы керек - Тоқаев

Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесінде реформалар жүргізілетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесінде реформалар жүргізілетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін кешенді күшейту жөніндегі бағытымызды жалғастырамыз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Азаматтар осы өте маңызды институт қызметінің пайдасын сезінуі үшін оның қаулысына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет.

Жаңа әділетті Қазақстанда полиция бассыздығына, біліксіз прокурорларға және әділетсіз судьяларға орын болмауы керек. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінен нақты өзгерістер күтеді. Осы және ел дамуының басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді биыл қыркүйекте Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында ұсынамын", - деді Тоқаев халыққа үндеуінде. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама