09 қараша 2021 | 13:00

Жаңа кодекс шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған - Асанов

Жансая Қадыржанова Корреспондент
akorda.kz

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге, тәртібін күшейтуге бағытталған. Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің балама тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі, биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная