“Жаңа Конституция қабылдаумен бірдей“ - Тоқаев бір палаталы Парламент құру туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
“Жаңа Конституция қабылдаумен бірдей“ - Тоқаев бір палаталы Парламент құру туралы Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, бір палаталы Парламент құру бастамасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, бір палаталы Парламент құру бастамасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жалғаса беретінін айтты.

"Мен Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл – соңғы жылдары қолға алынған ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы.

Түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Азаматтарымыз мақұлдаса, Ата Заңға көптеген өзгеріс енгізіледі. Түзетулердің ауқымын ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдаумен бірдей қадам деуге болады. Біз озық ойлы ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз.

Алдымызда биік мақсаттар тұр. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруымыз қажет. Толық цифрлық мемлекет болуымыз керек. Энергетика, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қажет. Мұның барлығы – бір күндік шаруа емес. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктірсек, осы мақсаттың бәріне жетеміз.

Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Айтылған міндеттердің барлығы уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс».

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама