ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2019 | 19:29
Жаңа министр Тұрғымбаев туралы не білеміз?
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. Еліміздің басты полицейі туралы Тengrinews.kz тілшісі толығырақ жазады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. Еліміздің басты полицейі туралы Тengrinews.kz тілшісі толығырақ жазады.
Полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. Білімі бойынша заңгер, ішкі істер органдарында қызметін 1984 жылы бастаған. 2012 жылдан бері ол Қалмұхамбет Қасымовтың орынбасары қызметінде болды.
Тұрғымбаев мансабын Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ ЖҚБ бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калинин АІІБ-нің тергеу-жедел бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІБ-де түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2002 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін ҚР ІІМ тоғызыншы департаментінің бастығы. 2002 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы. 2006 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың шілде айына дейін ҚР ІІМ Тергеу комитетінің бастығы. 2006 жылдың шілдесінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін-Алматы ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі істер министрінің орынбасары болды. ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, І дәрежелі "Қайсар" белгісімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, сондай-ақ ІІМ мен ІІД құрмет грамоталарымен марапатталған.
2013 жылы Қазақстанда әмбебап полицейлер пайда болды. Ол кезде Тұрғымбаев құқық қорғау органдарының жұмысындағы жаңашылдықтар: полицей көліктеріндегі жаңа төс жетондар мен нышандар туралы алғашқылардың бірі ретінде айтты. Әмбебап полицейлер патрульдік және жол полициясы бөлімшелерінің бірігуі нәтижесінде пайда болды.
Тұрғымбаев қазіргі жүргізушілерді жолда жүру мәдениеті үшін мақтағанымен есте сақталды.
"Бізде жүргізуші құрам жыл сайын мәдениетті бола түседі. Тіпті Астана бойынша бұл екінші дәрежелі жолдан өткенде көрінеді. Бұрын бізде жүргізушілердің арасында төбелеске, тіпті травмат қарумен атысқа дейін жеткен. Қазір бұл жоқ", - деген еді Тұрғымбаев Сенатта 2018 жылдың қыркүйек айында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ, Тұрғынбаев полицейлер 2018 жылы танымал Kiki Challenge флешмобымен күрескенін айтты.
Сонымен қатар, ол жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне бейнетіркеу құрылғысынсыз жолға шығуға тыйым салынғанын айтты.
ІІМ басшысының орынбасары бола отырып, ол полиция автокөлік иелерін қандай жағдайларда тоқтата алатынын түсіндірді, өйткені жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көлікті себепсіз тоқтатуға тыйым салынған. Оның айтуынша, егер жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзса, іздестіру шаралары себеп болуы мүмкін. Оның айтуынша, қызметтік жағдайын асыра пайдаланатын полицейлерге қатысты қатаң шаралар қабылданады екен.
"Бұл позицияны біз әрі қарай ұстанатын боламыз. Сондықтан квитанцияларды тексеру немесе тағы бір нәрселерді білу үшін тоқтату - әрине, мүмкін емес", - деді Тұрғымбаев.
2018 жылы қаңтарда ол Ақтөбе облысында болған оқиға орнына (Setra маркалы екі қабатты жолаушы автобусы өртенді) шыққан. Апат салдарынан 52 адам көз жұмды, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Сол кезде Тұрғымбаев болған жағдайды қайғылы оқиға екенін айтып, неге адамдар автобус салонынан шыға алмағанын түсіндірген еді.
Показать комментарии
Читайте также