26 ақпан 2019 | 09:12

Жаңа министрлер ант берді

Камила Долаева Журналист

Қазақстан жаңа үкіметінің алғашқы отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан жаңа үкіметінің алғашқы отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Премьер-министр Асқар Мамин министрлер кабинетінің мүшелерін құттықтап, үкіметтің жаңа құрамы айналысатын істерді белгіледі.

Реклама
Реклама

"Біз мемлекет басшысының сенімін ақтауымыз тиіс. Жаңа құрам нәтижелерге бағытталған, нақты істермен айналысатын үкімет болуы керек. Елбасы алдымызға халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, экономиканы одан әрі дизертификациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған міндеттер қойды. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде біз халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізе аламыз", - деді Асқар Мамин.

Премьер-министр "Нұр Отан" партиясының алдағы съезінде әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде бірқатар жаңа шаралар жарияланатынын атап өтті. "Үкіметтің келесі отырысында съезде берілген тапсырмаларды қарастырамыз", - деп түйіндеді премьер-министр.

Асқар Мамин үкімет мүшелеріне сөзін аяқтағаннан кейін жаңа министрлерді ант беру үшін шақырды. Олар: білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, индустрия және инфрақұрылымдық даму басшысы Роман Скляр, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров және Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Үкіметтің алғашқы отырысы 10 минуттан асқан жоқ. 

Мұның алдында үкіметтің жаңа құрамы бекітілген еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная