25 сәуір 2022 | 14:54

Жаңа өңірлерге бюджет қалай бөлінеді? Қуантыров жауабы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда пайда болатын өңірлерге бюджетті қалай бөлу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда пайда болатын өңірлерге бюджетті қалай бөлу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуантыров мәжілісте жаңа өңірлер бойынша есептеулер әлі аяқталмағанын түсіндірді.

"Қазір жұмыс жалғасып жатыр. Ал жаңа облыстар құрылғаннан кейін, Жарлыққа қол қойылғаннан кейін жаңа облыстардың әкімдері тағайындалады. Жаңа әкімдер құрылып жатқан облыстардың әкімдерімен бірлесіп, одан әрі жұмыс жүргізетін болады. Содан кейін 2023-2025 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде келесі жылға қажетті қаражат бөлінеді. Қажет болған жағдайда ақша Үкіметтің резервінен және мүмкін, екінші оқылымда (Парламенттен) бөлінеді", - деді министр.

Реклама
Реклама

Бөлінетін сомаларды атаған жоқ.

"Өңірлер мен әкімдер құрылған кезде аймақтар арасында бөлу, штат, активтер, нысандарды бөлу және т.б. болады. Соның негізінде шамамен есептер дайындалады", - деп уәде берді министр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная