Жаңа премьер-министр Президентке: Барлық тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады

Жаңа премьер-министр Президентке: Барлық тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Президент мырза, сіздің барлық ауқымды тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады. Жаңа үкімет құрамы бұған дайын. Бұл мәселелердің нақты шешіміне назар аударамыз", - деп сендірді премьер-министр.

Еске салайық, 6 ақпанда таңертең Amanat фракциясы ҚР премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған. Мәжілісте Бектеновтің кандидатурасын депутаттар қолдап, содан кейін ол ресми түрде премьер-министр болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама