Жаңа саяси партия Қазақстанның Әділет министрлігіне хабарлама жіберді

Жаңа саяси партия Қазақстанның Әділет министрлігіне хабарлама жіберді "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті ұсынған сурет

Жаңадан құрылып жатқан "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті саяси бірлестік құру ниеті туралы Әділет министрлігіне ресми түрде хабарлама берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңадан құрылып жатқан "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті саяси бірлестік құру ниеті туралы Әділет министрлігіне ресми түрде хабарлама берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұйымдастыру комитеті мәліметінше, бастамашы топтың құрамына барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және елордадан 700-ден аса қазақстандық кірген. "Саяси партиялар туралы" Заңға сәйкес, хабарламада бастамашы топ мүшелерінің тізімі, ұйымдастыру комитеті мүшелері туралы мәліметтер, ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасы, партияның атауы мен мекенжайы, сондай-ақ қаржыландыру көздері көрсетілген.

Сонымен қатар, құжатта ұйымдастыру комитетінің қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілетті хатшы туралы мәлімет те бар. Бұл міндетке "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы таңдалған.

Реклама
Реклама

Суретті партияның ұйымдастыру комитеті ұсынды

Ұйымдастыру комитеті "Әділет" партиясының құрылтай съезі өтетін күн Әділет министрлігінен хабарламаның қабылданғанын растайтын құжат алынғаннан кейін жарияланатынын мәлімдеді.

Бастамашыл топ құрамына "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, саясаттанушы Марат Шибұтов, "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "YNTYMAQ" шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, "Qazaqstan" РТРК тележүргізуші-журналисі Ирина Тен, "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және басқалар кірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама