“Жаңа ұлттық идея“. Қарин Президенттің Жолдауы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің Қазақстан халқына жолдауының идеясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің Қазақстан халқына жолдауының идеясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлан Қариннің сөзінше, биылғы жолдаудың біріктіруші идеясы - цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі. Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Осылайша биылғы жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама