Жаңа заң бойынша қанша қазақстандық үйінен шығарылғаны айтылды

Фото:depositphotos.com

Былтыр қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес 51 қазақстандық отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты уақытша үйінен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Ақмарал Серікбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серікбаеваның айтуынша, құқық бұзушыларға әлеуметтік мекемелерде өз әрекеттері туралы ойлануға мүмкіндік берілген.

"Былтыр қабылданған түзетулерге сәйкес 51 құқық бұзушы уақытша тұрғын үйден шығарылды. Оларға әлеуметтік мекемелерде өз әрекеттері туралы ойлануға мүмкіндік берілді. 48 тәртіп бұзушыға қатысты сот шешімімен денсаулық сақтау мекемелерінде мінез-құлқын мәжбүрлеп түзету шарасы қарастырылған. Олар полицияның қатаң бақылауында", – деді Серікбаева ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Қазақстанда отбасындағы тирандарды тұрғын үйден шығару жоспарланып жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама