Жанәбіловтер ісіндегі күтпеген өзгеріс: прокурор мәміле жасасуға келісті

Жанәбіловтер ісіндегі күтпеген өзгеріс: прокурор мәміле жасасуға келісті Фото © Tengrinews.kz

Прокурор Олжас Хайруллаев заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды деп айыпталған блогерлер Ерболат Жанәбілов және Эльмира Төлегеновамен жасалатын мәміле бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прокурор Олжас Хайруллаев заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды деп айыпталған блогерлер Ерболат Жанәбілов және Эльмира Төлегеновамен жасалатын мәміле бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотталушылардың процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішхатын қолдады.

Прокурор Ерболат Жанәбіловке екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолдана отырып, оған түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындау сұралды.

Жарнама
Жарнама

"Ерболат Жанәбіловке қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша мүлкін тәркілей отырып, бір жыл алты ай мерзімге шектеу жазасы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, мүлкін тәркілей отырып, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жеңілірек жазаны қатаңырақ жазамен сіңіру арқылы түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Жанәбіловке тағайындалған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп есептелсін, жаза мерзімі бойы пробациялық бақылау белгіленсін", – деп прокурор келісімді оқыды.

Эльмира Төлегеноваға түпкілікті екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеу және жазаның орындалуын екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды.

"Эльмира Төлегеноваға Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша мүлкін тәркілей отырып, бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, мүлкін тәркілей отырып, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жеңілірек жазаны қатаңырақ жазамен сіңіру арқылы түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін. Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылсын", – деп оқыды прокурор.

Сот үкімді қарау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Үкімді оқу сағат 16:30-ға белгіленді.

Еске салайық, бұған дейін отталушы өзінің соңғы сөзінде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін прокурормен мәміле жасасу туралы өтінішхат берді.

"Өз құқығымды пайдалана отырып, сіз кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісім жасасу туралы өтініш бергім келеді. Процестік келісімнің барлық шарттары бізге түсіндірілді", - деді Төлегенова.

Судья бұл өтінішті сот тергеуі аяқталғанға дейін беру керек екенін ескертті. Алайда қорғаушы тарап сотталушылардың мұндай өтінішті процестің кез келген кезеңінде беруге құқылы екенін алға тартты. Нәтижесінде төрағалық етуші түскен өтінішті қарау үшін прокурорға бір сағат уақыт берді.

Процестік келісім - бұл қарапайым тілмен айтқанда, сот төрелігімен жасалатын мәміле. Сотталушы өз кінәсін ресми түрде мойындап, айыппен келіседі, ал прокурор бұған жауап ретінде жеңілірек жаза ұсынады. Мұндай мәміле сотталушыларға соттың адамгершілік танытуынан үміттенуге мүмкіндік береді - мысалы, нақты түрме мерзімін бас бостандығын шектеуге немесе айыппұлға ауыстыру қарастырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Жанәбіловтер отбасы 23 ақпанда сотта соңғы сөзін айтуы керек еді, бірақ олардың адвокатының сөзінше, Төлегенова денсаулығына байланысты келме алмаған.

Бір жылға дейін кейінге қалдыру: прокурор Жанәбіловтердің ісі бойынша ұстанымын айтты

Жанәбіловтерге қандай айып тағылды?

Танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылған.

Прокурор блогерлерге қандай жаза сұрады?

Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев екі сотталушыны да тағылған барлық бап бойынша кінәлі деп тануды және мүлкін тәркілей отырып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл ретте Эльмира Төлегенованың кішкентай балалары болуына байланысты оған қатысты үкімнің орындалуын бір жылға шегеру ұсынылды.

Блогер Жанәбіловтердің соты

16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Ерлі-зайыпты сот отырысы кезінде журналистердің видео және суретке түсіруіне қарсы шықты.

"Үлкен балам мектепке барады, балама жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп Төлегенова мұндай шешімнің себебін журналистерге түсіндірді.

Блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірді, прокурорлар бұған қарсылық білдірді. Нәтижесінде сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Сондай-ақ сот отырысы кезінде Жанәбіловтердің адвокаты соттан істі прокурорға қайтаруды сұрады.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Онда акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынғаны, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.

22 сәуірде Астана сотында сот тергеуі аяқталды. Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша жарыссөз барысында прокурор оларға нақты жаза мерзімін сұрады.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде сотта блогер Эльмира Төлегенова кінәсін ішінара мойындады. Бұған дейін процесс барысында блогер Ерболат Жанәбілов жауап берген. Ол да сотта кінәсін ішінара мойындап, көзіне жас алған болатын.

"Мен неге дәл біз екенін түсінбеймін. Бұл ата-анамызға өте ауыр тиіп жатыр. Мен түсінбеймін: бәлкім, біреудің жолын кескен шығармыз? Менің орнымда кез келген адам болуы мүмкін. Бүгін болмаса, ертең. Мен тіпті жауларыма да мұндай жағдайға тап болып, сот алдында тұруды тілемеймін", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама