Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚМА

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

"Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеуге кірістік. Олар (Жанәбіловтер - еск.) елде", - деді Елемесов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, материалдар апелляциялық сотта қаралғаннан кейін агенттікке түскен.

Дау қалай өрбіді?

Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.

Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама