ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2022 | 08:45
Жаңажылдық бюджетке Lexus алған. Ақтөбе әкімінің орынбасарына қатысты атышулы іс қайта қаралады
Жоғарғы сот Ақтөбе әкімінің бір жылға жуық уақыт бұрын сотталған орынбасарына қатысты істі қайта қарауды талап етті. 90 миллион теңге жымқыруға қатысты атышулы іс енді қайтадан қаралатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғарғы сот Ақтөбе әкімінің бір жылға жуық уақыт бұрын сотталған орынбасарына қатысты істі қайта қарауды талап етті. 90 миллион теңге жымқыруға қатысты атышулы іс енді қайтадан қаралатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Былтырғы маусымда бұрынғы шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылған еді. Айыптау тарапының тұжырымы бойынша, Әубәкіров ТКШ бөлімінің басшысымен сөз байласып, Ақтөбенің жаңажылдық безендірілуіне арналған бюджет қаражатын жымқырған. Іс материалдарына сәйкес, мемлекеттік қызметші шыршаның орнына 31 миллион теңге тұратын Lexus жол талғамайтын көлігін және былғары орындықты сатып алған. Кейінірек бап жеңіліне ауыстырылды. Бұл жазаны төрт жылға бас бостандығын шектеуге дейін жеңілдетті.
Сол кезде Жаңа жылға байланысты қала безендірілгені, бірақ оған демеушінің қаражаты жұмсалғаны анықталған еді. Айыптау тарапының тұжырымынша, Әубәкіровтің өзі сол шыршалар мен гирляндаларды сатып алуға келіскен кәсіпкерлерді тапқан.
Үкімнен бір жыл өткен соң Жоғарғы сот істі қайта қарауды талап етті.
Еске салайық, Жангелді Әубәкіров 2019 жылдың шілдесінде соңында Ақтөбе қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған еді. 2020 жылғы 16 сәуірде шенеунік аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру күдігі бойынша қамауға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также