Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалған

Көрнекі сурет

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға туралы 14 жасар қыз 24 ақпанда анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталыққа әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату мақсатында дәрігерге жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болған.

ПД өкілдерінің мәліметінше, орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлаған.

Реклама
Реклама

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алған.

"Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен қалалық ІІБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелген", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама