15 желтоқсан 2022 | 14:01

Жаңаөзенде әскери қызметші өз бөлмесінде асылып қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстау облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші өз бөлмесінде асылып қалған. Мәйітті әріптесі тапқан. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші өз бөлмесінде асылып қалған. Мәйітті әріптесі тапқан. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің Жаңаөзендегі жатақханасында болған. 19 жастағы жігіт өз бөлмесінде белбеуіне асылып қалған.

"Марқұм Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан бері болды. Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша маман-сапер болып қызмет етті. Ол үйленбеген. Туыстарына қайғылы жағдай хабарланды. Қазір барлық жағдайды анықтап жатырмыз", - деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін биыл қаза болған сарбаздардың жұмбаққа толы өлімі туралы материал жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная