22 маусым 2020 17:02

Жаңаөзенде бір апта ішінде пневмониядан 6 адам көз жұмған

Сурет: elements.envato.com

Жаңаөзенде 15-22 маусым аралығында 105 пациентке пневмония диагнозы қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде 15-22 маусым аралығында 105 пациентке пневмония диагнозы қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығының өкілі 15-22 маусым аралығында 105 пациентке пневмония диагнозы қойылғанын хабарлады. Науқастардан коронавирус анықталған жоқ. Осы уақыт аралығында алты адам көз жұмды.

Реклама
Реклама

Жаңаөзен қалалық ауруханасының кардиология, неврология және терапия корпусы пневмониямен түскен науқастардың көбеюіне байланысты провизорлық бөлімдерге қайта жабдықталды.

Еске салайық, Ақтөбеде кенеттен пневмонияның өршуі байқалды, екі күн ішінде бұл диагноз 200-ге жуық адамда расталды. Науқастар өте ауыр жағдайда ауруханаға түсіп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram