ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2024 | 14:36
Жаңаөзенде ерекше той кортежі көзге түсті
Жаңаөзенде ерекше той кортежі көзге түсті. Егер көшелер мен Желіні шулатып жүретін лимузиндер мен қымбат көліктерді елестетсеңіз, олай емес. Бұл жағдайда бәрі өзгеше: бұл жұп өткенге сағыныш пен сүйіспеншілікті тудырады. Толығырақ - Tengri Life материалыда.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаңаөзенде ерекше той кортежі көзге түсті. Егер көшелер мен Желіні шулатып жүретін лимузиндер мен қымбат көліктерді елестетсеңіз, олай емес. Бұл жағдайда бәрі өзгеше: бұл жұп өткенге сағыныш пен сүйіспеншілікті тудырады. Толығырақ - Tengri Life материалыда.
Жаңаөзендік ерлі-зайыпты ерекше безендірілген "Жигули" маркалы көлігімен мейрамханаға келді. Олар үйленгендеріне 50 жыл толуын тойлаған. Олар мінген ақ түсті көлік кілеммен көмкерілген, алдында екі сақина, ал капотына ұлттық киім киген қуыршақ қойылған. Ал жүздері жайнаған апа мен ата әлеуметтік желі қолданушыларын толқытты.
Ерекше идея мен ерлі-зайыпты туралы толығырақ білу үшін олардың кенже қызы Нұрсұлуға хабарласып көрдік. Оның айтуынша, ата-анасының отау құрғандарына 50 жыл толып, қуанышты отбасымен атап өткен.
"Әкем Тұрдыбай Қуатұлы мен анам Құралай Абылқызы 50 жылдан бері бірге тұрады. Анам сегіз ұрпақ көтерген. Қазіргі уақытта алты баласы бар. Алты баладан тараған 21 немересі, 9 - жиеншары, 3 - шөбересі, 12 жиені бар. Әкем өте ақылды, әкемізге қарап үлгі алып жүрген отбасымыз. Одан бөлек әкем өте еңбекқор, алты баласына тәрибесін беріп, немерелеріне үлгі болып отыр. Әкем өнерлі, домбырамен ән шырқап, қолындағы немересіне өзінің өнерін үйретіп, Астанаға, Арысқа барып, бас жүлде алып келді.
Анам мен әкем өте мейірімді, ақылды, еңбекқор. Қанша жыл біздерді бағып, өсіріп, суыққа тоңдырмай баққаны үшін ата-анамызға алғысым шексіз. Әкеміз бен анамыз біз үшін қанша еңбек етті. Біз үшін суға да, отқа да түскен. Енді қуанышты күндері көп болса дейміз", - дейді Нұрсұлу.
Оның айтуынша, олар бірден екі мерекені атап өткен: анасының 70 жасқа толуы және отау құрғандарына - 50 жыл. Ол тойды балалары ризашылық белгісі ретінде жасап бергенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также