ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2023 | 17:47
Жаңаөзенде жұмыссыз тұрғындар аштық жариялады: әкімдік мәлімдеме жасады
Жаңаөзен әкімдігі аштық жариялаған жұмыссыз тұрғындардың талабына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаңаөзен әкімдігі аштық жариялаған жұмыссыз тұрғындардың талабына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Жаңаөзенде арнайы алгоритм бар екенін, оған сәйкес жұмыссыз тұрғындар жалпы кезек бойынша мұнай саласына жұмысқа орналасатнын хабарлады.
"Бұған дейін аштық жариялаған тұрғындар жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ секторына жұмысқа орналасуды талап еткен, әкімдік өкілдері бұл кезекте тұрған басқа адамдарға әділетсіздік болғандықтан, олардан бас тартты.
Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласында жұмыс тауып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндік бар. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа орналасу жағдайында өтініш беруші мұнай саласына жұмысқа орналасу алгоритмі бойынша кезекте қалады, яғни, басқа жұмыста істеген кезде мұнай-газ саласында өз кезегіңізді күтуге болады", - деп түсіндірді Жаңаөзен әкімдігі.
"Құрметті жерлестер, сіздердің ультиматум талаптарыңызды орындай алмаймыз, өйткені бұл әр салада тынымсыз еңбек етіп, өз кезегін күтіп отырған қаламыздың қалған тұрғындарының құқығына нұқсан келтіреді. Біз сіздерді парасатты болуға шақырамыз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыздар", - деп аштық жариялаған азаматтарға Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі үндеу тастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также