23 ақпан 2020 16:25

Жаңаөзенде мас жүргізуші полицейді балағаттады

Жаңаөзенде мас жүргізуші полицейді балағаттады, - деп хабарлайды "Лада" қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде мас жүргізуші полицейді балағаттады, - деп хабарлайды "Лада" қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 қаңтарда 03:30 шамасында "Өркен" ықшамауданында болған. Полицей Lexus RX 300 маркалы автокөлікті тоқтатқан. Оның жүргізушісі мас болуына байланысты құқық қорғау органдары қызметкері көлікті айып тұрағына жеткізуді талап еткен. Осы кезде ер адам полицейге былапыт сөздер айтқан. 

Реклама
Реклама

Сот үкімімен заңбұзушы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі ("Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау") бойынша кінәлі деп танылды. 

Осы бап бойынша айыпталушы сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ер адам 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram