17 сәуір 2023 | 10:40

Жаңаөзендегі жарылыс: баспанасыз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"ҚазМұнайГаз" Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан қаза болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді. Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная