21 сәуір 2023 | 14:36

Жаңаөзендегі жарылыс: науқастардың жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ТЖМ

Жаңаөзенде жарылыстан кейін үйінділер астында ұзақ уақыт жаншылып қалған науқас Ақтаудағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жаңаөзеннің көпбейінді аурухана директоры Серік Асқаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзенде жарылыстан кейін үйінділер астында ұзақ уақыт жаншылып қалған науқас Ақтаудағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жаңаөзеннің көпбейінді аурухана директоры Серік Асқаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жарылыс кезінде денесінің 70 пайызын күйік шалған науқас та бар. Дәрігерлер екеуіне де қолдан келетін көмекті көрсетіп жатқандарын айтты.

Ал денесін күйік шалып, омыртқасы сынған 23 жастағы әйелдің денсаулығы жақсарып келеді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оған бұдан былай жасанды тыныс құрылғысы қажет емес, қазір ол өз бетінше тыныс алады. Сонымен қатар, дәрігерлердің сұрақтарына да жауап берді. Ал жансақтау бөлімінде жатқан тағы бір науқастың жағдайы әзірге ауыр.

Реклама
Реклама

Жарылыстан зардап шеккен екі қыз бала мен бір ер адамның жағдайы тұрақталды. Оқушы қыздарға психолог маман көмек көрсетті.

Еске салайық, 17 сәуірде Жаңаөзендегі үйлердің бірінде жарылыс болды. Одан кейін екі қабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылған. Төрт адам қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная