17 сәуір 2023 | 14:48

Жаңаөзендегі жарылыс: тергеуді прокуратура өз бақылауына алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жаңаөзендегі тұрғын үйде шыққан жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзендегі тұрғын үйде шыққан жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Жаңаөзендегі жарылыстан үйінді астында қалған барлық зардап шеккендер сыртқа шығарылған. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Сағат 10:45 жағдай бойынша, 13 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 8 бала, 6 адам ауруханаға жатқызылса, 7 адам үйге жіберілді. Жарылыс кезінде 3 пәтерге зиян келді. Апаттан кейін үй газ желісінен бірден ажыратылады. Қазіргі уақытта үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Апаттың себебі мен мән-жайы толық анықталады.

Реклама
Реклама

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен ауруханасына жатқызылған апаттан зардап шеккен тұрғындардың жайын білді. Бұл жерде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы травматология бөлімшесінде ем алады. Ал жағдайы ауыр тұрғындар жансақтау және қарқынды терапия анестезиология бөлімшесіне, бір пациент облыстық ауруханаға жедел авиациялық тікұшақпен жеткізіледі.

"Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, жаңа тұрғын үй беріледі. Апаттық жұмыстарға көмек көрсеткен еріктілер мен қала тұрғындарына алғыс айтамын. Қазіргі уақытта барлық адам үйінділерден шығарылды", - деді Нұрлан Ноғаев.

Үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная