ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2022 | 08:19
Жанар Айжанова Пусандағы кинофестивальде үздік актрисалар қатарына енді
Жанар Айжанова XXVII Пусан халықаралық кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымындағы үміткерлердің бестігіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жанар Айжанова XXVII Пусан халықаралық кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымындағы үміткерлердің бестігіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 5-14 қазан аралығында Пусан қаласында өтетін кинофестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты актерлер мен режиссерлер бас қосып жатыр. Биыл халықаралық кинофестивальде 71 елдің 242 фильмі көрсетіледі.
Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова халықаралық кинофестивальге Азиядағы ең үздік киноактрисалардың бірі ретінде шақырылған. Оның "Аппақ келін" сериялындағы актерлік шеберлігі қазылар алқасына ұнаған. Басқа 4 үміткермен бірге Жанар Айжанова "Үздік әйел рөлі" номинациясында бақ сынады. Сыйлық 30 жастағы корей киносының жұлдызы Пак Юн Бинге - "Ерекше адвокат"драмасындағы рөлі үшін берілді.
"Менің кинода жүргеніме көп болған жоқ. Ары кетсе 10 жыл. Менің өнерімді байқап, ең жақсы актрисалардың қатарына қосу дегенді мен өңім түгіл түсімде армандаған жоқпын. Менің жетістігімді қайталап, тіпті асып түсіп, жастарымыз фестивальдарда жүлделі орындарға ие болғанын қалаймын. Мен үшін осы кинофестивальге қатысудың өзі мәртебе", - дейді әнші, актриса Жанар Айжанова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также