11 қаңтар 2022 | 09:19

"Жанат, біз сені күтеміз": астаналық дәрігерлер инфекциялық стационарларда түсірілген әсерлі фотоны бөлісті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: astana.gov.kz

Астаналық дәрігерлер инфекциялық стационарларда түсірілген әсерлі кадрлармен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.gov сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық дәрігерлер инфекциялық стационарларда түсірілген әсерлі кадрлармен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.gov сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жұқпалы аурулар орталығының реанимация бөлімшесінен түсірілген фотоларды жариялады. Кадрларда қабырғаға ілінген плакаттардан отбасы мүшелері түскен фотолар, сол сияқты тезірек сауығып шығуы үшін жазылған тілектері бейнеленген.

Реклама
Реклама

Фотолар ЭКМО және ӨЖЖ аппараттарына жалғанған науқастарға қарама-қарсы ілінген. Олардың кейбірі жақындары күтіп жүргенін көріп, емделуге деген құлшынысы арта түседі. Өкінішке қарай ес-түссіз, өмірі үшін күресіп жатқандары да аз емес.

Орталық меңгерушісі, жұқпалы аурулар дәрігері Татьяна Цечоеваның айтуынша туыстарының мұндай тосынсыйы науқастың тезірек емделіп шығуына деген құлшынысын арттырады.

"Науқастардың балалары, жұбайлары туысы жатқан палатаға немесе жансақтау бөліміне плакаттарды ілу туралы өтініш бергенде бірден іске кірісеміз. Себебі, аурудың ең жылдам әрі тиімді емі – үйінде жақыны күтіп отырғанын, өмір сүруге ұмтылу керек екенін білу! Біз пациенттерге жиі келіп, оларға: "Сізді жақындарыңыз қалай жақсы көретінін көріңіз, олар сізді өз қатарында, емделіп шыққан күйде көргісі келеді. Оларды қалай тастап кетпексіз?! Олай болмайды! Сіз тезірек сауығып, туыстарыңызға оралуыңыз керек" дейміз. Сонда көптеген науқас бойына жаңадан күш біткендей әсерде болып, жазылып шығуға ұмтылады", - дейді дәрігер.

Кадрлардың бірінде ерекше фото жапсырылған, онда қазақ тілінде "Әкетайым, біз сізді сағындық!" деп жазылған болса, тағы бірінде "Жанат, біз сені күтіп жүрміз!" делінген.

Дәрігердің айтуынша, кейде науқастардың туысы өзі, отбасы, өмірі мен қызметі туралы жиірек әңгімелеп беруін сұрайды. Мұндай жайттың бәрі ес-түссіз жатқан туысына деген сүйіспеншілігін білдіреді.

Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырған науқастарды емдеу үшін барлығы 7 стационар жұмыс істеп тұр. Ашылған инфекциялық төсектердің 68 (581-ден), оның ішінде 51 реанимациялық төсек қана бос. Оттегі аппараттарында 18 пациент өте ауыр жағдайда жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная