Жаңатаста төтенше жағдай режимі енгізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 852
comments icon 0

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала жарық пен жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала жарық пен жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңатас қаласы мен Сарысу ауданында екпіні 30 м/с болатын қатты жел соққан.

"“ЖаңатасСуЖылу" МКК жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының жұмысы үшін жеткіліксіз болып тұр. Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлады. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермей тұр. Бағаналардың құлауына байланысты "ЖЭС" АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмай жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

Реклама
Реклама

"Шахан" қосалқы станциясында тиісті қондырғының салқындауы орын алған. Жаңатас қаласындағы жылу жүйесіндегі суды ағызу туралы шешім қабылданған.

Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пункттері дайындалып, тұрғындар ыстық тамақпен қамтылып жатыр.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобына жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі, энергетика және өзге де сала мамандары енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Гүлнара Досымшалова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная