Жаңбыр, бұршақ және 38 градус ыстық: 18 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, бұршақ және 38 градус ыстық: 18 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

18 мамырда еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. 16-17 мамырға қараған түні солтүстік пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

18 мамырда еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. 16-17 мамырға қараған түні солтүстік пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - түнде +7...+9 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Алматы - түнде +11...+13 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Күндіз +26...+28 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жарнама
Жарнама

Шымкент - түнде +16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +34...+36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Абай облысы - түнде +3...+8, облыстың оңтүстігінде +12, батысында топырақ бетінде -1 градус үсік жүреді, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында секундына 15-20 метр. Күндіз +18...+23, облыстың оңтүстігінде +26 градус, жауын-шашынсыз. Семей - түнде +5...+7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Күндіз +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Алматы облысы - түнде +9...+14, облыстың таулы аудандарында +4 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +26...+31, облыстың таулы аудандарында +16...+21 градус, облыстың оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Қонаев - түнде +9...+11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +29...+31 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысы - түнде +5...+10, облыстың солтүстігі мен шығысында +2 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +23...+28, облыстың солтүстігі мен шығысында +20 градус, жауын-шашынсыз. Көкшетау - түнде +8...+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақтөбе облысы - түнде +12...+17, облыстың оңтүстігінде +21 градус, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні секундына 23-28 метр. Күндіз +29...+34 градус, облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Ақтөбе - түнде +15...+17 градус, аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта секундына 23 метр. Күндіз +29...+31 градус, аздап бұлтты, жауын-шашынсыз.

Атырау облысы - түнде +18...+23 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Күндіз +27...+32 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Атырау - түнде +20...+22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +29...+31 градус, көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысы - түнде +2...+7, облыстың оңтүстігінде +10, шығысында -2 градус үсік жүреді, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +15...+20, облыстың солтүстігі мен шығысында +12 градус. Облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өскемен - түнде +4...+6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9 метр, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +17...+19 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысы - түнде +12...+17, облыстың таулы аудандарында +7 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Күндіз +26...+31, облыстың таулы аудандарында +23 градус, таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Тараз - түнде +12...+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жетісу облысы - түнде +6...+11, облыстың оңтүстігінде +14, таулы аудандарда +2 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысы мен орталығында екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метр. Күндіз +25...+30, облыстың таулы аудандарында +20 градус, таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Талдықорған - түнде +6...+8 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +27...+29 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысы - түнде +15...+20 градус, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +29...+34 градус, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұрады. Орал - түнде +15...+17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +30...+32 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысы - түнде +5...+10, облыстың оңтүстігінде +15 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +23...+28, облыстың шығысында +20 градус, жауын-шашынсыз. Қарағанды - түнде +7...+9 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 6-11 метр. Күндіз +24...+26 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қостанай облысы - түнде +8...+13, облыстың оңтүстігінде +16 градус, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде секундсына 15-20 метр. Күндіз +25...+30, облыстың оңтүстігінде +33 градус, жауын-шашынсыз. Қостанай - түнде +11...+13 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысы - түнде +16...+21 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыс орталығында секундсына 23 метр. Күндіз +32...+37 градус. Облыстың орталығында, батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады. Облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Қызылорда - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +34...+36 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, күн күркірейді, дауыл, шаңды дауыл.

Маңғыстау облысы - түнде +13...+18, облыстың солтүстік-шығысында +21 градус, жаңбыр, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +27...+32, облыстың батысында +16...+21 градус. Жаңбыр, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Ақтау - түнде +14...+16 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, күн күркірейді, кей уақыттарда нөсер жаңбыр. Тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, күн күркірейді. Тұман.

Павлодар облысы - түнде +3...+8, солтүстікте, шығыста 2 градус үсік жүреді, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +17...+22 градус, жауын-шашынсыз. Павлодар - түнде +4...+6 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде +8...+13, облыстың шығысында +5 градус, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +24...+29, облыстың шығысында +21 градус, жауын-шашынсыз. Петропавл - түнде +8...+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 7-12, күндіз секундсына 9-14 метр. Күндіз +25...+27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Түркістан облысы - түнде +16...+21, облыстың таулы аудандарында +13 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундсына 23 метр. Күндіз +33...+38, облыстың таулы аудандарында +28 градус, тауларда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түркістан - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +35...+37 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ұлытау облысы - түнде +10...+15, облыстың батысында +18, шығысында +7 градус, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда секундсына 23-28 метр. Күндіз +28...+33, облыстың шығысында +25 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жезқазған - түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +29...+31 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама