Жаңбыр, бұршақ және аптап: 16 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, бұршақ және аптап: 16 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото © Tengrinews.kz

Синоптиктер 16 маусымда Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін деп болжайды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі, кей өңірлерде аптап болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер 16 маусымда Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін деп болжайды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі, кей өңірлерде аптап болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматы - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 градус аптап ыстық болады. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей кездері екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25 градус жылы.

Жарнама
Жарнама

Шымкент - күн құбылмалы, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел соңынан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус жылы.

Ақмола облысы - түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 26-31 градус жылы. Көкшетау - күн құбылмалы, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.

Алматы облысы - күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 8-13 градус жылы, күндіз 33-38 градус аптап ыстық болады, облыстың таулы аудандарында 23-28 градус жылы. Қонаев - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 34-36 градус аптап ыстық болады.

Жетісу облысы - облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 14 градус жылы, күндіз 31-36 градус аптап ыстық болады, облыстың таулы аудандарында 26 градус жылы.Талдықорған - күн құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10, екпіні 14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

Түркістан облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел соңынан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы аудандарында 16, күндіз 34-39, облыстың таулы аудандарында 30 градус жылы. Түркістан - күн құбылмалы, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел соңынан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 36-38 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы.Орал - күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.

Атырау облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23 градус жылы, күндіз 30-35 градус аптап ыстық болады. Атырау - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 32-34 градус жылы.

Маңғыстау облысы - облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-24, күндіз 31-36, облыстың батысында 27 градус жылы. Ақтау - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 27-29 градус жылы.

Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы. Қостанай - күн құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 24-29 градус жылы. Петропавл - күн құбылмалы, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 5-10, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.

Павлодар облысы- түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, күн күркірейді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы.Павлодар- көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Түнде тұман. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.

Қарағанды облысы- таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 22 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады.Қарағанды- көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.

Ұлытау облысы- күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың шығысында 15 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық болады.Жезқазған- көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысы- облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 12 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 градус жылы.Өскемен- көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

Абай облысы- облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 14 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық болады.Семей- көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

Қызылорда облысы- күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 32 градус жылы болады.Қызылорда- көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады.

Жамбыл облысы- түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 30 градус жылы.Тараз- көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама