Жаңбыр, бұршақ және үсік: 3 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, бұршақ және үсік: 3 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Республика бойынша түнде және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Республика бойынша түнде және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана — түнде +4+6 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Күндіз +17+19 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз.

Жарнама
Жарнама

Алматы — түнде +13+15 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8, күндіз екпіні 15-18 метр секунд. Күндіз +23+25 градус, көшпелі бұлт, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн аяғында нөсер жаңбыр күтіледі.

Шымкент — түнде +14+16 градус, көшпелі бұлт, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 метр секунд. Күндіз +22+24 градус, көшпелі бұлт, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады.

Абай облысы — түнде +3+8, облыстың оңтүстігінде +13 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, Аягөз ауданында екпіні 15-20 метр секунд. Күндіз +20+25, облыстың оңтүстігінде +30 градус, жауын-шашынсыз. Семей — түнде +6+8 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд. Күндіз +21+23 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз.

Алматы облысы — түнде +13+18, облыстың таулы аудандарында +3+8 градус, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 метр секунд. Күндіз +23+28, облыстың таулы аудандарында +13+18 градус. Облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тау бөктері мен таулы аймақтарда кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Қонаев — түнде +13+15 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр секунд. Күндіз +26+28 градус, көшпелі бұлт, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысы — түнде +1+6, облыстың батысында -2 градус үсік, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел батыстан түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секунд. Күндіз +15+20 градус, жауын-шашынсыз. Көкшетау — түнде +3+5 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секунд. Күндіз +15+17 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз.

Ақтөбе облысы — түнде +7+12, облыстың солтүстік-шығысында +3 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 7-12, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-18 метр секунд. Күндіз +20+25, облыстың оңтүстігінде +28 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақтөбе — түнде +7+9 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12, екпіні 15 метр секунд. Күндіз +22+24 градус, бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Атырау облысы — түнде +10+15, облыстың солтүстігінде +7 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метр секунд. Күндіз +17+22, облыстың шығысында +26 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр. Атырау — түнде +12+14 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 метр секунд. Күндіз +20+22 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысы — түнде +5+10, облыстың оңтүстігінде +13 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Күндіз +21+26, облыстың шығысында +18 градус, жауын-шашынсыз. Өскемен — түнде +8+10 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Күндіз +22+24 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысы — түнде +11+16, облыстың таулы аудандарында +8 градус, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады, таулы аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 метр секунд. Күндіз +19+24, облыстың таулы аудандарында +16 градус, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, таулы аудандарда нөсер жаңбыр.Тараз — түнде +11+13 градус, көшпелі бұлт, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Күндіз +19+21 градус, көшпелі бұлт, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Жетісу облысы — түнде +10+15, облыстың солтүстігінде +18, таулы аудандарда +5 градус, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14, облыстың шығысында екпіні 15-20 метр секунд. Күндіз +26+31, облыстың таулы аудандарында +23 градус, таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Талдықорған — түнде +10+12 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5-10 метр секунд. Күндіз +28+30 градус, көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысы — түнде +3+8 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр секунд. Күндіз +13+18, облыстың оңтүстігінде +21 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Орал — түнде +3+5 градус, көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай. Тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд. Күндіз +13+15 градус, көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай. Таңертең тұман.

Қарағанды облысы — түнде +3+8, облыстың оңтүстігінде +12+17 градус, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +16+21, облыстың оңтүстігінде +24+29 градус, облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Қарағанды — түнде +6+8 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Күндіз +18+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қостанай облысы — түнде 0+5, облыстың оңтүстігінде +8 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +13+18, облыстың оңтүстігінде +21 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Қостанай — түнде +3+5 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +15+17 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Қызылорда облысы — түнде +11+16 градус, облыстың шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысы мен орталығында секундсына 15-20 метр. Күндіз +24+29, облыстың шығысында +21 градус. Облыстың шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл тұрып, дауыл соғады. Қызылорда — түнде +13+15 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундсына 15 метр. Күндіз +24+26 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл.

Маңғыстау облысы — түнде +9+14 градус, облыстың солтүстік-батысында өткінші жаңбыр. Облыстың батысы мен орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +25+30, облыстың батысында +14+19 градус, жауын-шашынсыз. Ақтау — түнде +9+11 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Күндіз +15+17 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысы — түнде +3+8, облыстың батысында 1 градус үсік жүреді, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +16+21 градус, жауын-шашынсыз. Павлодар — түнде +5+7 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +19+21 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Солтүстік Қазақстан облысы — түнде +2+7, облыстың батысында 1 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың шығысында өткінші жаңбыр. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың батысында екпіні 15-20, күндіз секундсына 15-20 метр. Күндіз +15+20 градус, жауын-шашынсыз. Петропавл — түнде +2+4 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз секундсына 15-20 метр. Күндіз +15+17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Түркістан облысы — түнде +11+16, облыстың таулы аудандарында +7 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні секундсына 15-20 метр. Түркістан — түнде +15+17 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +21+23 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғады.

Ұлытау облысы — түнде +7+12 градус, облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундсына 15-18 метр. Күндіз +18+23, облыстың батысында +26 градус, жауын-шашынсыз. Жезқазған — түнде +9+11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Күндіз +21+23 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама