28 сәуір 2021 | 12:54

Жаңбыр, бұршақ, жел. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады. "Қазгидромет" синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады. "Қазгидромет" синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

"Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная