Жаңбыр және 43 градус ыстық. 13 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр және 43 градус ыстық. 13 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" 13 шілде, дүйсенбіге арналған қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде аптап сақталса, солтүстік пен батыстың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.

Жарнама
Жарнама

Алматы – күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап болады.

Шымкент – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 39-41 градусқа дейін аптап болады.

Түркістан – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 25-27 градус жылы, күндіз 40-42 градусқа дейін аптап болады.

Қонаев – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

Талдықорған – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.

Қызылорда – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 41-43 градусқа дейін аптап болады.

Тараз – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін аптап болады.

Ақтау – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.

Атырау – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.

Орал – күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Ақтөбе – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Қарағанды – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Жезқазған – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 градус жылы, күндіз 37-39 градусқа дейін аптап болады.

Қостанай – күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.

Көкшетау – күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.

Петропавл – бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.

Павлодар – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап болады.

Семей – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Өскемен – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Бұған дейін синоптиктер 13 шілдеге елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған болатын, толығырақ мына жерден оқи аласыздар: материалда.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама