ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 шілде 2026 08:19
Жаңбыр және +44 градус: 23 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, ал кей жерлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін екенін болжайды. Алайда батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады: күндіз 34-39 градус, кей жерлерде 40-44 градус өте қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді. Күндіз +29...+31 градус. Көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шымкент - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метр. Күндіз +30...+32 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады.
Ақмола облысы - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25, батыста, оңтүстікте 28 градус жылы. Көкшетау - түнде +14...+16 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +25...+27 градус. Көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстігі мен таулы аудандарда нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аудандарда 8-13 градус жылы, күндіз 26-31, таулы аудандарда 13-18 градус жылы. Қонаев - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз +31...+33 градус, көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жетісу облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр, облыстың шығысында кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 23, таулы аудандарда 12 градус жылы, күндіз 27-32, таулы аудандарда 23 градус жылы. Талдықорған - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Күндіз +29...+31 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Түркістан облысы - түнде +19...+24, облыстың таулы аудандарында +14 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15-20 метр. Күндіз +30...+35, таулы аудандарда +27 градус, батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады, шаңды дауыл болады. Түркістан - түнде +20...+22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, екпіні 15-20 метр. Күндіз +33...+35 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Батыс Қазақстан облысы - түнде +18...+23, облыстың оңтүстігінде +26 градус, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз батыста екпіні 15-20 метр. Күндіз +33...+38 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орал - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Күндіз +33...+35 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Атырау облысы - түнде +20...+25 градус, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +34...+39 градус, жауын-шашынсыз. Атырау - түнде +22...+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр. Күндіз +36...+38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғып, бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстыратын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, күндіз 35-40, облыстың батысында 32 градус жылы. Ақтау - түнде +22...+24 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Күндіз +32...+34 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 30-35, облыстың шығысында 27 градус жылы. Ақтөбе - түнде +16...+18 градус, ашық. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Күндіз +30...+32 градус, ашық.
Қостанай облысы - облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Температура
түнде 11-16, облыстың оңтүстігінде 19, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы. Қостанай - түнде +16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Солтүстік Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секунд түсіне 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30 градус жылы. Петропавл - түнде +14...+16 градус, күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Күндіз +27...+29 градус, күн бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай.
Павлодар облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 21-26 градус жылы. Павлодар - түнде +16...+18 градус, бұлтты, жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта секунд түсіне 23-28 метр. Күндіз +24...+26 градус, бұлтты, жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл.
Қарағанды облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Қарағанды - түнде +13...+15 градус, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 9-14 метр. Күндіз +22....+24 градус, ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай.
Ұлытау облысы - жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 23-28 градус жылы. Жезқазған - түнде +17...+19 градус, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 9-14 метр. Күндіз +25...+27 градус, ауыспалы бұлттылық, өткінші жаңбыр,
Шығыс Қазақстан облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғып, соңы солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта секунд түсіне 25 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 23, күндіз 25-30, облыстың шығысында 20, оңтүстігінде 33 градус жылы. Өскемен - түнде +18...+20 градус, ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Күндіз +28...+30 градус, ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.
Абай облысы - жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғып, соңы солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14, батыста, солтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20, кей уақытта секунд түсіне 25 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25, күндіз 25-30, оңтүстікте 33 градус жылы. Семей - түнде +17...+19 градус, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Күндіз +27...+29 градус, ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.
Қызылорда облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 30-35 градус жылы. Қызылорда - түнде +19...+21 градус, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 7-12 метр. Күндіз +34...+36 градус, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз.
Жамбыл облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні секунд түсіне 25 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 13 градус жылы. Тараз - түнде +18...+20 градус, ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Күндіз +30...+32 градус, ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу