ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2024 | 17:26
Жаңбыр және 8 градусқа дейін аяз: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстанға 8 градусқа дейін күн суытады. Синоптиктер 23, 24 және 25 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанға 8 градусқа дейін күн суытады. Синоптиктер 23, 24 және 25 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігіне Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп найзағай, жаңбыр күтіледі.
"25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. Тек аптаның басында антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжанған", - делінген хабарламада.
Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также