23 шілде 2021 | 11:32

Жаңбыр және аптап. Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, ел аумағынан атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. 24 шілдеде - батыста, 24-25 шілдеде - солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде - елдің солтүстігінде найзағай, жел соғып, нөсер жауады. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

"Ауа температурасы күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, солтүстікте ауа температурасы 32-40-тан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, батыста нөсер болады. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста және оңтүстікте құмды дауылмен, республиканың батысы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная