17 маусым 2024 | 17:56

Жаңбыр және бұршақ: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

18 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Реклама
Реклама

19 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.

20 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

18 маусымда оңтүстік астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел 2-7, екпіні секундына 17 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.

19 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 3-8, найзағайдың екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 29-31.

20 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная