11 маусым 2024 | 16:56

Жаңбыр және бұршақ: Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

12 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына - 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 17-19 градус жылы.

13 маусымда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Реклама
Реклама

14 маусымда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

12 маусымда қалада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, жел екпіні секундына 17 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 29-31 градус жылы.

13-14 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күші 3-8, жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 26-28 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная